"Таза Қазақстан" акциясы Ақмола облысының Қатаркөл ауылында жалғасты. Жоғары ветеринария және биотехнология колледжінің 50-ге тарта студенті көл жағалауын қоқыстан тазартып, көпке үлгі көрсетті. Айта кетейік, экологиялық акцияға жыл басынан бес мыңнан астам ақмолалық қатысқан. Ұйымдастырушылардың айтуынша, игі шара арқылы жастарды қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етпек.
БЕРЕКЕ БАЗАРКЕНОВ, СТУДЕНТ:
Пластикалық бутылкалар, адамдар сок ішіп лақтырып кетеді. Оны қоқыс жәшігі бар, соған салып кетсе, осылай лас болмаушы еді. +сенбіліктер көп болып отыру керек. Егер сенбіліктер болып тұрса, Қазақстанымыз таза, әрі лас болмайды.