$512.34 €582.07 ₽6.31
×

Қарағанды халқының мазасын қашырған құрылыс тоқтайтын болды

AstanaTV
30.04.2025ж. 22:09
92
Қарағанды халқының мазасын қашырған құрылыс тоқтайтын болды
Фото: freepik.com

Қарағанды қаласында бұрынғы аттракциондар паркі орналасқан «Фэнтези» аумағында көп қабатты тұрғын үй салынады деген ақпарат қала тұрғындарын қатты алаңдатқан еді. Өйткені, бұрынғы «Фэнтези» жанында саябақ бар, құрылыс салынса ондағы табиғат жойылар еді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Мәселе тіпті Парламент мінберінде сөз болған соң, облыс әкімі тиісті мәлімдеме жасап, шу тудырған жағдайды реттедім дейді.

«Халық бұрынғы «Фэнтези» аумағындағы құрылыс мәселесін талқылады. 21 сәуірден бастап менің тапсырмаммен барлық құрылыс жұмыстарын жүргізуге тыйым салынғанын хабарлаймын», - деді облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Ол бұл шешімі туралы құрылыс компаниясына ақпарат жібергенін де растап отыр.