$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Бидай сапасы нашарлап барады. Солтүстік Қазақстан облысы әкімімен сұхбат.

AstanaTV
01.07.2017ж. 20:00
2582
Бидай сапасы нашарлап барады. Солтүстік Қазақстан облысы әкімімен сұхбат.

Шикізат секторынан өзге, экспортқа шығаратын өнімдер арасында басты позиция дерлік бидай сапасы нашарлап бара жатыр. Жердің эррозияға ұшырауы да бар. Астықтың отаны – Солтүстік Қазақстан облысы. Облыс әкімімен осы сауалдар төңірегінде меншікті тіліміз Абзал Құрманкин сұхбаттасқан. Тыңдайық:

Абзал Құрманкин, тілші: Құмар Іргебайұлы, Солтүстік Қазақстан облысының астық көлемі жағынан жыл сайын жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп тұратыны түсінікті, бұл әрі заңды. Бірақ, соңғы кезде астықтың сапасына байланысты бір алаңдататын әңгімелер туындап жатыр. Сапаны қалай көтересіздер және де ірі экспортер деген мәртебеден айырылып қалмаймыз ба?

Құмар Ақсақалов, СҚО әкімі: Солтүстік Қазақстан облысының жері өте бай. Топырақтың құнарлығы 55 балды құрайды. Сондықтан біз осы жерден жыл сайын сапалы, жақсы өнімді алу керекпіз деп есептеймін. Соңғы бес жылдың ішінде әрбір гектардан он екі центнерден 2012 жылы және  17-жылы 17 центнерден астық алып отырмыз. Бұл біраз көлем. Былтыр мысалы 5,5 миллион тонна астық алдық. Бұл жақсы көрсеткіш. Бірақ соңғы жылдары астықтың сапасы төмендеп жатыр. Астықтың сапасын көтеру үшін әрине бірнеше шаралар өткізу керек. Бірінші, жақсы тұқым егу керек. Біз биыл 24 мың тонна элита тұқымды ектік. Элитаны егетін шаруа қожалықтарына элитаның бағасын жетпіс пайызға дейін үкімет арзандатады. Осы мүмкіндікті жақсылап пайдалану керек. Екіншіден, тыңайтқыштарды жақсылап пайдалану керекпіз. Бұл жерде де үкімет тарапынан шаруа қожалықтарына біраз көмектер жасалынады. Бағаларын елу пайызға дейін төмендетеді. Біз биыл 93 мың тонна зауыттармен келісіп шарт жасадық. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе көп. Үшіншіден, егін ауыстыру мәселесі. Севооборот дейміз ғой. Бұл жерде де мемлекет тарапынан жақсылап бақылау, қадағалау жұмыстары жүргізілуі керек. Оны күшейту керек деп есептейміз. Өйткені, бұл жұмыстарды жақсылап жүргізбесек, сапалы өнім шықпайды. Міне, осы үш бағытта біз жұмыстарымызды күшейтеміз деп есептейміз.

Абзал Құрманкин, тілші: Қызылжар климатына байланысты жаңа тұқым түрін шығару жоспарда бар ма?

Құмар Ақсақалов, СҚО әкімі: Климаттың өзгергенін біз өзіміз де байқап отырмыз. Соңғы бес жылдың ішінде жауын-шашын көлемі 355 мм-ден 445 мм-ге дейін өскенін біз байқап отырмыз. Бір метр топырақтағы жиналған су қоры 99 мм-ден 145 мм-ге дейін өскенін де біз байқап отырмыз. Мінекей осы екі негізгі фактор, тағы басқа да факторлар бар, климаттың өзгергені байқалады. Әрине, жаңағы факторлар егіннің сапасына әсер ететіні анық. Сондықтан біздің облысымызда тез пісетін, ерте пісетін, шашылмайтын, құламайтын астықтың бір сорттарын 2015 жылдан бері осы сортты шығаратын жұмыстар қолға алынып, өзінің бір нәтижесін береді деп есептейміз. Мұнымен Бораев атындағы институт айналысып жатыр. Және де біздің облысымыздағы станциялар бар. Бір нәтижесі болар.

Абзал Құрманкин, тілші: Мемлекеттік органдар шаруашылықтардың жерді тиімді пайдалануын қадағалай ма? Жалпы кәсіпорындар жердің тозбауын назарға ала ма екен?

Құмар Ақсақалов, СҚО әкімі: Мен ойлаймын, заң арқылы міндетті түрде сұранысты талапты шаруа қожалықтарының алдынан біз көтеру керекпіз. Жерде жұмыс істесең, жерді жақсылап пайдалану керек. Қазақстандағы жер өте жақсы. Үнемі сапалы өнім шығарылатын жер. Бірақ кейбіреулері бұл мүмкіндікті жақсылап пайдаланып отырған жоқ. Біз министрлік арқылы, үкімет арқылы Парламентке біраз өзіміздің ұсыныстарымызды жіберіп отырмыз. Жаңа жер кодексіне өзіміздің осындай ұсыныстарымыз енгізіледі деп үміттенеміз. Былтыр 26 мың гектар дұрыс игерілмеген жерді сот арқылы шаруашылықтардан тартып алдық. Қазір егу жұмыстары бітті. Енді аудандардағы жер бөлімдері  бүкіл жерлерді тексеріп алып, тағы да егілмесе, сол шаруа қожалықтарымен жұмыс істейтін болады.

Абзал Құрманкин, тілші: Әлгі тәркіленген 26 мың гектар жер басқаларына сабақ болар. Жалпы, Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық саласы дами ма, алдағы уақытта? Өзгере ме, жағдайы?

Құмар Ақсақалов, СҚО әкімі: Ауыл шаруашылығы саласы біздің облысымыздың ең бір негізгі потенциалы деп айтуға болады. Сұраныс көп. Біз Ресей мемлекетінің үш облысымен қарым-қатынас арқылы өндірген өнімімізді сол жерге шығару керекпіз. Түмен, Омбы, Қорғаны бар. Біз қарап шығып, ол жерде біздің шығаратын өнімдеріміздің бағасы қымбаттау. Сондықтан біз міндетті түрде барып, сол жерде сату керекпіз ғой. Және де Қытай мемлекетінің сұранысы көп. Бұл да жақсы бір фактор деп есептеймін. Осы фактор арқылы ғана біраз қожалықтардың пайдасын ала алатын мүмкіндіктер бар. Жалпы, ахуал дұрысталады деп есептейміз.

Абзал Құрманкин, тілші: Жақсы, сұхбатыңызға  рахмет. Сізге сәттілік тілейміз.