Осыдан екі жыл бұрын елімізде 4 мың дәрігер тапшы етін, жағдай түбегейлі өзгере қоймағаны шын, мысалы, жақында ғана айтылды - Солтүстік Қазақстан облысында 316, оның ішінде аудан-ауылдарда 129 дәрігер жетпейді. Жалпы, педиатр, окулист, лор, акушер-гинеколог, онколог сияқтынақты бір бағыттың мамандары, тіпті терпевтердің өзі аз. Бұған дәрігерлердің біліктілік деңгейіне байланысты сауалдардың өтірік еместігін қосыңыз. Айналып кеткенде бұл факторлар ауруға дәл диагноз қоюды нашарлатады, тиісінше, науқас кісілер зардап шегеді. Сорақысы, мүгедек болып қалып, тіпті өліп те кетуі мүмкін. Өткенде республикалық бюджеттің орындалуы туралы есеп Мәжілісте талқыланғанда мынадай дискуссия болған:
Зәуреш Аманжолова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Үкімет пен Есеп комитеті мәліметтерін қарап отырып, екі баяндамада әр түрлі есеп жазылғанын таптық. Мысалы, үкімет есебінде дәрігер тапшылығы 241 адамға қысқарды делінген. Ал Есеп комитетінің есебінде дәрігер тапшылығын жою бойынша нәтиже жоқ, нөл деп көрсетілген. 2095 деп жоспарланған, орындалғаны 0 деген. Сонда қалай, өте жоғары мемлекеттік органдар осылай әр түрлі есеп бере ме? Сіздердің мәліметтеріңіз бойынша анализ жасалады, қорытынды шығарылады емес пе? Поэтому у меня вопрос обоим руководителям: скажите, пожалуйста, как так получилось и прокомментируйте данную ситуацию?
Алайда Есеп комитетінің төрағасы да, Денсаулық сақтау министрі де өз дегендерінен қайтпады.
Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Мы по существу перевыполнили данный показатель и таким образом дефицит у нас 1854. Дефицита ноль в принципе не должно быть.
Нұрмұхамед Әбдібеков, ҚР Республикалық бюджеттің орындалуын қадағалайтын Есеп комитетінің төрағасы:
- Мы настаиваем, что 2095 на сегодняшний день не выполнено.
Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы:
- Уважаемые начальники большие, разберитесь! Стыд да позор! Либо, пописывая документы, не читаете их, либо не понимаете, что подписываете. Отправляете в парламент документы, которые абсолютно друг другу противоречат. Сейчас здесь средства массовой информации, и в прямом эфире вся страна вас слышит. Пожалуйста, разберитесь, потом проинформируйте.
Елімізде 2007 жыл мен 2015 жылдар аралығында жүргізілген медицина саласындағы реформалар нәтижесінде кадр тапшлығы 34 пайызға төмендеген. Бұл ақпарат Премьер-министрдің ресми сайтында көрсетілген. Нәтижесінде мемлекетімізде дәрігерлер мен орта буын медицина мамандарының саны 2 мың адамға артқан. Дәрігерлер даярлайтын жоғарғы оқу орындары мен олардың түлектеріне талап күшейтілгендіктен, динамикалық даму бар, дейді мамандар.
Рахима Жұмашева, С. Асфендияров атындағы ҚМУ проректоры:
Әрине, қазір көп. Емдеу факультетіне, педиатрияға факультетіне бөлек қабылдайтын еді ғой. Олардың түлектерінің саны ол кезде 300 де 300 болатын болса, қазір 1400. Иә, 50 пайызға көп деп айтсақ та болады. Дегенмен кадрлардың дефициті әлі сақталып жатыр.
Яғни кадр бойынша дағдарыс еңсерілген жоқ. Медицина мамандарының қажеттілігі кейбір қызмет түрлері бойынша өте жоғары. Оны көзбен көру үшін емханаларға бас сұқтық. Оларда сол баяғы бой үйренген жағдай - дәлізде отырып сағаттап кезек күту. Тек соңғы жылдары жанына дауа іздеп келген адам талон алып, электрондық кезекке тұруға болатындай өзеріс енгізілген.
Кезекте отырған адамдар:
- Осы хирургке. Жарты сағаттай күтеміз. Бір сағат, жарты сағат. Жақсы қабылдайды бәрі. Кейде болады очередь, тұрып қаламыз. Ветерандар без очереди кіреді ғой, сол үшін.
- Байқалады, кезеке енді мынау, қазір жаз айы ғой, кішкене азырақ. Ал, қыс айында, «өте керемет» кезек. Өйткені мамандар жетіспей ме? Ал, енді былай, қызмет көрсету, сапа жағы жақсы. Мен 17 жыл бойы осы поликлиникада тіркелгенмін.
Елімізде нақты бір сала бойынша қызметкерлер тапшы. Яғни ішкі ағзалар ауруларын емдейтін терапевт дәрігерлер, балалар дәрігерлері, жүйке жүйесін емдеушілер және акушерлер жетіспейтінін айтады, мамандар. Бұл толық тізімі емес.
Раушан Құсаинова, Алматы қаласы №12 емхана бас дәрігерінің орынбасары:
Қазір жетіспейтіні, жаңағы балалар қарайтын неврапотолог жоқ, балалар қарайтын окулист жоқ, бүгінге. Қалған мамандардың барлығы бар. Дәрігер қабылдайды, қабылдаған кезде жаңағы қарау керек, жазу керек, қағаздарын тұтас, түгел беру керек, соның өзі уақыт. Кейбір қиын адамдар келген кезде, диагноз қоя алмай жатқан кезде, оларға қосымша консультация жасайды, қосымша уақыты бөлінеді. Сол уақытымен де кетеді.
С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің дерегінше, Қазақстанда көп салалы мамандар - отбасылық дәрігерлер үшін биыл 350 бос жұмыс орны бар. Одан бөлек жоғарғы оқу орындары 300 терапевт, 230 акушер мамандарын даярлауы қажет. Жылда өтетін арнайы бос жұмыс орны көрмелерінде еліміздің медициналық мекемелерінен шамамен осындай тапсырыстар келіп түседі екен.
Рахима Жұмашева, С. Асфендияров атындағы ҚМУ проректоры:
Жылда біздер осы көктемде жас түлектерге арналған бос орындар жәрмеңкесін өткіземіз. Осы бос орындар жәрмеңкесіне барлық біздің Алматы, Алматы облысы, Астана, басқа қалалар, басқа региондар барлық региондардан біздерге жұмыс берушілер келеді. Сөйтіп өздерінің сұраныстарын тапсырады бізге.
Айгүл Жүзбанова Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің түлегі. Туған жерінде алты айлық тәжірибеден өткен соң Алматыға қоныс аударған. Қаладағы емханалардың бірінде терапевт-дәрігер. Жалақысы аз болса да, меңгерген мамандығы бойынша жұмыс істеуге шешім қабылдапты. Шамамен 80 мың теңге алады. Ал дәрігерлік біліктілік тәжірибемен келеді деп сенеді.
Айгүл Жүзбанова, дәрігер-терапевт:
Енді осы мамандықты таңдап, бала кезімнен армандап бітірген едім. Сондықтан оқыдым, енді осында жұмыс істеп жатырмын. Айлықтың аздығына қарамастан, қыиншылықтарға қарамай, елді емдеуге ат салысып жүрмін. Біліктілік тәжірибемен келеді деп ойлаймын.
Ал алыс аймақтардағы халыққа білікті дәрігерлердің бара бермейтіні белгілі. «Білім туралы» заңға 2011 жылы өзгеріс енгізіліп, медицина университетінің түлектері де 3 жыл ауылдық немесе шалғайдағы аудан орталықтарында еңбектенуге міндеттеме алған болатын. Самат Әшенов Еңбекшіқазақ ауданында үш жылдан бері еңбектенеді. Жансақтау бөлімінде істейтін анестезиолог мамандығын игерген соң, туған жеріндегі орталық ауруханаға жұмысқа тұрған.
Самат Әшенов, анестезиолог -дәрігер:
Жағдай жақсы жасалса, бүкіл қандай район болса да, қандай ара қашықтық болса да, қандай алыс болса да мамандар барады ғой. Тек қана, жағдайын жасау керек, жұмыс істеуге мүмкіндік болса, мысалы, бізге жаңадан келген технология бар, аппарат бар. Оларды игеруге болады.
Мамандардың дерегінше, еліміздің ауруханаларына шамамен 4 мыңға жуық дәрігер керек. Мамандар тапшылығы Алматы, Астана қалалары мен Маңғыстау облысында қатты сезіледі. Соңғы жылдары жоғарғы оқу орындарында педиатр-дәрігерлерді оқыту үрдісі тоқтатылып, олардың функциясы отбасылық дәрігерлер институтына берілген болатын. Қазір республиканың медициналық мекемелері үшін 200-ден астам балалар дәрігері жетіспей отыр. Бұл жерде «білме, білгеннің тілін алма» деген мәтел еске түседі. Себебі педиатр мамандарын бөлек дайындаудың қажеті жоқ, деп үкімет шешім шығарғанда қарапайым жұрт ғана емес, Камал Ормантаев сияқты академиктер қарсы болған. Бірақ білікті маманның пікірін ешкім тыңдамаған. Енді міне, бейнелеп айтқанда, «шапқан ағаштың жанынан бұта көктете» алмай отыр. Ал дәрігерлердің жалақысын көтеру мәселесі ешқашан күн тәртібінен түскен емес. Қазір тәжірибелі дәрігерлердің жалақысы 150 мың теңгеден аспайды.
Болат Балақойшиев, Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері:
Штатты енді былай кеңейтіп соза беруге болмайды, бұл жалақыға кері әсерін тигізеді. Бұдан дәрігерлердің жұмысын ынталандыру үшін, штатты неғұрлым ыңғайластырып алып, босаған ақшаны соларға жалақы ретінде төлесек, ол үлкен ынта болып, мысалы, екі адамның істеген жұмысын бір адам істей алады. Оған соншалықты зарплата төлеуге болады. Біз сондай тәсілдерді қолданамыз қазір.
Танымал қоғам қайраткері, дәрігер Бақыт Түменова кадр саясатына байланысты бірінші кезекте отбасылық дәрігерлер институтын жетілдіру қажет, - дейді. Қазір емханалардағы отбасылық жүйемен жұмыс жасап жатқан мамандардың біліктілігі сын көтермейді. Олар тек қағаз толтырып отырмай, операция жасай алатын, өзге де ем-шаралар жүргізетін мамандар болуы тиіс. Науқас көмектің 70 пайызын ауруханалар мен зертханалардан емес, емханадан алуы тиіс, - дейді Бақыт Түменова.
Бақыт Түменова, «Аман саулық» қоғамдық қорының президенті:
Жаңағы сіздің айтып отырғаныңыз, ол мына отбасылық дәрігерлердің кәсіби білігі төмен екендігін көрсетіп тұр. Өздеріне жауапкершілікті алмайды, екіншіден диагнозды қоя алмайды, кеңес бере алмайды. Біреуін біресе жаңағы компьютерный томографияға жібереді, біреуін анализге жібереді, топ-топ мынадай қағаздар толтырып анализге жүгіріп жүрген адамдар бар.
Өмірге келгеннен бастап, ауру-сырқаудан көз ашпаған Тілешовтер отбасында Мәди мен Әли атты сәбилердің көздері көрмейді. Егіздер шала туған. Әдетте ай-күнінен бұрын дүниеге келгендердің кейбір мүшелері жетілмейтіні белгілі. Бұл бүлдіршіндердің де көздерінде кемшілік болған. Алайда ата-анасы оны кеш біліпті.
Қарагөз Тілешова, егіздің анасы:
Бір жарым айдан кейін айттым «көздерін тексерту керек еді балалардың» деп едім, врачтар айтты «сап-сау өсіп жатыр, не істейсіңдер, тексермей-ақ қойыңдар, біздікілер түк білмейді» деп айтты. Содан мен жүре бердім. Врачтарға сендім, балаларым жақсы өсіп жатыр екен ғой деп. 5 айлығында екінші туған балам судоргы ұстады, мына баламның екі көзі ойнақтап кетті. Мынаның екі көзі, ананың бір көзі көрмей қалды.
Тілешовтер Алматыға қоныс аударып, Шаңырақ шағын ауданындағы мынадай аядай бөлмені жалдап тұрады. Одан кейін тағы бір сәбиді өмірге келтірген соң, тұрмыстағы қиындықтарға тап болып, қос сәбидің көзіне ота жасату үшін отандық дәрігерлерге жүгінеді. Алайда міне, арада екі жыл уақыт өтті, науқастарға өз елімізде ота жасап, жарық дүниені сездіретін дәрігерлер табылмаған. Жақында олар қайырымды жандар берген ақшаға Санкт-Петербург дәрігерлеріне ота жасатып қайтты. Ресейлік мамандар сәбилердің екеуінің де ең құрығанда бір жанарын сақтап қалу үшін тағы да операцияға шақырған. Бұл мың сан мысалдың біреуі ғана.
Алматыдағы №12 емханаға 63 мың адам тіркелген. Медициналық мекеме жоспар бойынша күніне 400 адамға қызмет көрсетуі тиіс. Алайда мұнда жүктеме екі есе көп. Емханаға күніне көмек сұрап, бір мыңнан астам адам бас сұғады. Бақыт Түменова бұл мәселені шешудің бір жолы - шағын амбулоторияларды көбейту деп есептейді. Еуропаның дамыған елдерінде әлдеқашан жолға қойылған әдістің бірі осы.
Бақыт Түменова, «Аман саулық» қоғамдық қорының президенті:
Былай айтқанда, отбасылық медицина даму үшін, олардың амбулаториялары енді мына магазиндермен салысырып қарайықшы, мінекей, біз мына үйдің қасында тұрмыз, мына кішкентай ғана бір кварталдың ішінде ең кемінде 3 минимаркет бар. Сонда отбасылық амбулатория минимаркет сияқты 10 минуттай жүретін жерде, қолжетерлік болуы керек. Түсіндіңіз ғой?! Ал үлкен емхана, жаңағы сіз айтып отырған неше түрлі мамандары бар ма, компьютерный томографы бар ма, ол жаңағы үлкен "Магнум" сияқты қаланың ана жақ шетінде, түсіндіңіз ғой?! Оған айына бір-ақ рет барам ба, бармаймын ба, толып жатқан «магазин» көңілімнен шығып, сол жарай ма?
Биыл Алматыдағы Қазақ мемлекеттік медициналық университетін 1436 маман бітірген. Университет басшылығы олардың 90 пайызы жұмысқа тұратынына сенімді. Бірақ көп ұзамай түлектердің жартысына жуығы еңбек жолын жалғастырудан бас тартады. Баспананың жоқтығы мен жалақының мардымсыздығы оларды басқа салаға кетуге мәжбүрлейді.
Ришат Асқарбекұлы, тілші:
Кадр саясаты ақсап тұрса да, елімізде ауруханалар мен түрлі медициналық мекемелер салынып-ақ жатыр. Мұндай орталықтарды қымбат қондырғылармен жабдықтау да үрдісі бар, алайда онымен жұмыс жасайтын дәрігерлер жете ме, ескеріле бермейді. Ал, жалпы медицина саласындағы қызметкерлердің қажеттілігі әлем бойынша өткір. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, жер жаһанда дәрігер тапшылығы 4,5 млн. адамға жеткен.
Ришат Асқарбекұлы «Біздің уақыт».