$498.34 €519.72 ₽4.85
×

1 шілдеден бастап БЖЗҚ-нан зейнетақы төлемдерінің мөлшері артады

AstanaTV
30.06.2017ж. 20:00
2734
1 шілдеден бастап БЖЗҚ-нан зейнетақы төлемдерінің мөлшері артады

Шілдеден бастап зейнетке шыққандар қордағы қаражатының 937 мың теңгесін ала алады. Бұл бір жылға берілетін минималды ақша. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Астана филиал директоры осылай деді. Бұл қаңтардағы минималды төлем 93 мың теңгеге артық. Бұған зейнетақының өсуі себеп.

Мұрат Шәріпов, БЖЗҚ Астана филиалының басқарушы директоры:

Азаматтар өздерінің жинаған жарналарын зейнетке шыққан кезде алуға мүмкіндік туады, сол кезде әр азамат жылына 30 минимумдық мөлшерінде алуға мүмкіндігі бар. Ол минимум жыл сайын өзгеріп отырады.

Бүгін елдегі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының барлық филиалдарында ашық есік күні өтті. Астананың өзінде жарна көлемін, зейнетақы мөлшерін білгісі келгендер көп болды. Шараға келген салымшылар толғандырған сұрақтарына жауап алды. Бүгінде салымшылардың саны 10 миллионнан асқан. Жинақ 7 триллионды құрап отыр. Қордың табысы өткен жылы 7,9 пайыз. Ал биыл 6 айдың ішінде салымшылардың шотына 114 миллиард теңге пайда түскен. Қор қаржының 42 пайызы мемлекеттік құнды қағаздарда салынса, 12 пайызы квазимемлекеттік облигацияларға жұмсалған. Екінші деңгейлі банктерге салынған депозиттер 24,4 пайызды құрайды. Шетелдік құнды қағаздарға 9 пайызы жұмсалған.