Жер қойнауын пайдаланушылар конкурс өткізілген соң келісімшартты 2 жылға дейін күтуге мәжбүр. Жаңа кодекс бұл әкімшілік кедергіні жойып, құжатты 1,5 айдың ішінде алуға мүмкіндік береді. Бүгін Энергетика министрінің бірінші орынбасары Махамбет Досмұхамбетов кодекске енгізілетін өзгерістерге тоқталды. Жоба мұнай-газ саласына инвестиция тарту, заңнамадағы олқылықтарды жою сияқты күрделі мәселелерді біржақты шешуді көздейді.
Махамбет Досмұхамбетов, ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары:
Әкімшілік кедергілерді жою үшін
біршама жұмыс жасалды. Алдымен жер қойнауын қолданушы мен құзыретті органның
өзара әрекеті толық талданды. Нормативті құқықтық актілері жайында түсіндірме
алу, қосымша ақпарат алу бойынша ешқандай проблема болмайды. Жер телімінің
бекітілуі, өндіріске кірісу, жер телімін қолдануға құқығы сияқты жайттардың
барлығы қайта қаралды.