Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Депутаттар каникулға кетті

AstanaTV
30.06.2017ж. 20:00
2303
Депутаттар каникулға кетті

Депутаттар каникулға кетті. Бүгін Парламенттің қос палатасы саяси маусымды қорытындылады. Конституциялық реформа қабылданды. Президент өз билігімен бөлісті. Парламенттің пәрмені артты. Екінші сессияда алпыс алты заң жобасы қабылданған. Оның ішінде Мемлекеттік қызмет туралы, Терроризмге қарсы, Жергілікті өзін-өзі басқару туралы және тағы басқа маңызды заң жобалары бар.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Екінші сессияда қос палатаның алты бірлескен отырысы, Мәжілістің 38 және Сенаттың 25 жалпы отырысы өтті. Бұл кезеңде Парламент қарауында 111 заң жобасы болды, оның 84-і қабылданды. Оның ішінде 15 заң жобасына депутаттар өздері бастамашы болды. Парламент  қабылданған 66 заңға Президент қол қойып, олар өз күшіне енді.

Сондай-ақ биыл депутаттардың еңбекақысы өсті. Кейбір айтқыш мәжілісмендер "қанатты сөздерімен" ерекшеленді. Соның бірі ХҚО-да қаза болған тұрғынға қатысты пікір білдірген Аманжан Жамалов. Ал "көнекөз" депутаттардың бірі Мұхтар Тінікеев үшін бұл соңғы сессия болды. Парламент қыркүйекте жұмысқа қайта оралады.