$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Жыл басынан бері жұмыссыз ретінде тіркелген 3 300 қызылордалық еңбекпен қамтылды

AstanaTV
18.07.2017ж. 20:00
2780
Жыл басынан бері жұмыссыз ретінде тіркелген 3 300 қызылордалық еңбекпен қамтылды

Қызылордада жыл басынан бері жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтарды "Нұр Отан" партиясы тұрақты жұмысқа орналастыруда. Оның қатарында 44-і мүмкіндігі - шектеулі жан. Жалпы қалада 5 жарым мыңдай азамат жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тіркелген. Нәтижелі жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында "Нұр Отан" партиясы Қызылорда қалалық филиалы жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп, бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізді. Биылдыққа осындай 12 жәрмеңке өткізіліп, нәтижесінде  1 245 қызылордалық екі қолға бір күрек тапты. Жыл аяғына дейін тағы оннан астам бос орындар жәрмеңкесін өткізу көзделген. Жұмыс іздеген жандарға кәсіптік қайта даярлау курстарына жолдама беріп, әлеуметтік жұмыс орындарымен қамту да жоспарда бар. Ал бүгінгі жәрмеңке нәтижесінде 65 қызылордалық жаңа жұмысқа жолдама алды.

Нұрсұлтан Аяпов, "Нұр Отан" партиясы Қызылорда қалалық филиалының консультанты:

Акциянын мақсаты - халықты бос жұмыс орнымен қамту және мүмкіндігі шектеулі жандарға жеке кәсіппен айналасу болып табылады. Бүгінгі таңда «Нұр Отан» партиясы мүмкіндігі шектеулі жаңдарға қолдау көрсетіп келеді. Әрі қарай да мүмкіндігі шектеулі жандарға біз қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін боламыз.