Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қазақстан нарығына әлемдік медиа нарықтағы жетекші «Buy Time» компаниясы кірді

AstanaTV
18.07.2017ж. 20:00
2876
Қазақстан нарығына әлемдік медиа нарықтағы жетекші  «Buy Time» компаниясы кірді

Қазақстандықтардың әлемдік жарнама нарығында табыс табуына мүмкіндігі бар. Отандық медиа нарықта жаңа ойыншы пайда болды. Ұлыбританиялық "BuyTime Incorporated" холдингі бүкіл әлем бойынша эфирлік уақыттарды көтерме бағамен сатып алып, жарнама уақытын клиенттеріне бөлшек сауда арқылы қайта сатады. Бүгінде компания жалпы сомасы 75 миллион долларға эфирлік уақытты сатып алды. Алдағы уақытта оның көлемін ұлғайтамыз деп отыр.

«Buy time» холдингі ресми түрде осыдан 4 ай бұрын құрылды. Азғана уақыттың ішінде өзін әлемдік жарнама нарығында медиа саланың жетекші сарапшысы ретінде танытып үлгерді. Холдинг жарнама, маркетинг және оны бүкіл әлемге жариялау бойынша ауқымды тендерлерді ұтып алуға күш салып келеді. Ал бұл, валюта курсы мен бүкіләлемдік экономикалық ахуалға қарамастан, дивидендтер әкелетін ең табысты сала болып отыр,- дейді компания президенті Дмитрий Лютов. Бүгінгі күні компания жалпы сомасы 75 миллион долларға  бір жылдық эфирлік уақытты сатып алды.

Дмитрий Лютов, «BUYTIME INCORPORATE LLP» компаниясының президенті:

Әлемдік медиа нарықтағы жарнамалық уақыттарды көтерме бағамен сатып алып, содан соң біздің клиенттер арқылы қайта сатылымға қоямыз. Осылайша біз қомақты табыс тауып отырмыз. Компания ұжымы сондай-ақ қарапайым жандарды осы бизнеске тартуды қолға алды. Бұл біздің капиталымызды ұлғайтып, әлемдік медиа нарықтан ойып тұрып орын алуымызға мүмкіндік береді.

Эфирлік уақыттарды компания арқылы енді отандастарымыз да сатып ала алады. Осылайша жарнамаларын теле- радио арналар мен ғаламторда орналастыруға мүмкіндігі бар. Компания президентінің айтуынша, қарапайым маркетинг қатысушылары да ақпарат нарығынан ешқандай шығынсыз пайда көреді.

Дмитрий Лютов, «BUYTIME INCORPORATE LLP» компаниясының президенті:

Бүгінгі күннен бастап кез-келген адам қалтасындағы 20 долларымен нарыққа шығуына болады. Азғантай жарнама уақытымен өз медиа портфеліңізді сатып алып, содан кейін пайда көруге мүмкіндік бар. Жыл соңында ол ақша көбейіп тұрады. Қазақстанның медиа нарығы кең әрі ауқымды. Әрі бұл елде  біздің «BUY TIME» компаниясына деген сұраныс жоғары. 

Медиа салада жетекші сарапшы ретінде танылуды көздеген «BUY TIME» компаниясы әлемдік жарнаманың 1, 5 пайызын жаулап алуды көздеп отыр. Қазір холдингтің  140 елде серіктестері бар. Олар өздерінің мейлінше оңтайлы талаптарымен тұрақты кірісті қамтамасыз етуге кіріскен.

Айгүл ЕРМАХАН