Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Теннистен халықаралық «Президент Кубогының» жүлде қоры 225 мың доллар

AstanaTV
18.07.2017ж. 20:00
2616
Теннистен халықаралық «Президент Кубогының» жүлде қоры 225 мың доллар

Астанада өтіп жатқан теннистен халықаралық «Президент Кубогының» биылғы жүлде қоры 225 мың долларды құрайды. Турнирге әлемнің 30 елінен 200 спортшы қатысып жатыр. Олардың арасында дүниежүзілік рейтингтегі топ жүздіктің қатарына енген тениисшілер бар. Қазақстанның  атынан Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Дмитрий Попко, Александр Бублик, Анна Данилина мен Камила Керімбаева шығады. 17 шілдеде Ұлттық теннис орталығында бастауын алған турнир 23 шілдеге дейін жалғаспақ. Осы аралықта балалар турнирі мен «Astana Open» әуесқой теннисшілер турнирі өтеді. Ел намысын қорғайтын жігіттердің есебі түгел болғанымен, қыздар құрамасын толық деп айтуға келмейді. Юлия Путинцева, Ярослава Шведова, Зарина Дияс және Галина Воскобоевалар сайысқа қатыспайды.

Диас Досқараев, ҚР теннис федерациясы президентінің орынбасары:

Шведова үшін маусымның ортасы сәтсіз болды. Жарақат алып қалды. Зарина Дияс қол буынын демалдыру үшін босатылды. Путинцеваның да денсаулығы сыр берген. Нақты қандай проблема бар екені анықталып жатыр. Белінде ауыртпалық байқалады. Воскобоева болса, Астанада қайта қалпына келіп жатыр.