Негізгі / Жаңалықтар / Мүмкіндігі шектеулі жастар қолөнер шеберлерінің бірегей көрмесіне қатысты

Мүмкіндігі шектеулі жастар қолөнер шеберлерінің бірегей көрмесіне қатысты

Мүмкіндігі шектеулі жастар қолөнер шеберлерінің бірегей көрмесіне қатысты. Көрерменнің назарына 12 шебердің киізден, ермексаз, моншақтар мен басқа да материалдардан әзірленген жұмыстары ұсынылған.

Балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған үйірме осыдан 14 жыл бұрын ашылыпты. Содан бері аталған көрмені өткізу дәстүрге айналған. Шараны «Кедергісіз келешек» жобасы аясында «Нұр Отан» партиясының ақтаулық филиалы ұйымдастырып келеді. Жас шеберлердің қолынан шыққан бұйымдар қалалық және облыстық шараларда да көз қуантады. Бүгінде Ақтау қаласында 160 мүмкіндігі шектеулі бала бар. Олармен әлеуметтік қызмет орталығының 98 маманы мен 3 кеңесшісі жұмыс істейді.

Дәметкен Сейітова, мүгедек балаларға үйден қызмет көрсету орталығының бөлім меңгерушісі :

Олармен жұмыс ісеу өте қиын. Арнайы мектеп, балабақшаға бару арқылы олар тағы жұмыс нәтижесі қалай жүргізілу керектігі жөнінде біз әуелі таныса келе, содан кейін ғана осы жұмысты қолға алып, осы бүгінге дейін облыс көлеміндегі, қала көлеміндегі үлкен жәрмеңкелерге қатысуға мүмкіндік алып отырмыз.

Мерей Исаев, «Нұр Отан» партиясының Ақтау қалалық филиалының кеңесшісі:

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне арнаған тақырыптар, «Бәйтерек» сувенирін жасаған. Бұл қолөнер туындылары мүмкіндігі шектеулі балалардың өз елінің дамуына, жетістіктеріне көңіл бөлетінін, мақтан тұтатынын көрсетіп отыр.