Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

ҚР дипломатиялық қызметінің 25 жылдық мерейтойына орай журналистерге медаль табыстады

AstanaTV
30.06.2017ж. 20:00
2415
ҚР дипломатиялық қызметінің  25 жылдық  мерейтойына орай журналистерге медаль табыстады

Бүгін Сыртқы істер министрлігі журналистерді кәсіби мерекемен құттықтады. Қазақстанның дипломатиялық қызметіне 25 жыл толуына орай бірқатар БАҚ өкілдері марапатталды. "Астана" телеарнасы жаңалықтар қызметінің халықаралық шолушысы Анара Сюмбаева да медаль тақты. Ведомствоның басшысы Қайрат Абрахманов медальдің бұл түрі алғаш рет табысталып отырғанын айтты. Министр журналистермен жұмыс істеу форматы туралы да сөз етіп, залдағы тілшілерді күлдірді.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

Іссапардың бағдарламасын сұрайды, не талқылайсыздар деп жатады. Енді редакция тапсырма бергендіктен, қажет қой. Мен үнемі қызметкерлеріме біздің қызмет режимді деп айтып отырамын. Құпиялар, мемлекеттік құпиялар бар. Сондықтан ақпарат жан-жаққа таралып кетпес үшін, қызметкерлеріме абайлап сөйлеңдер, артық ештеңе айтпаңдар деймін. Әркім өзі, қалай шықса да, сытылып шығуы керек. Сондықтан мен сіздердің қызметтеріңізді түсінемін де, бағалаймын да.