Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Орал қаласына ыстық су беріле бастады

AstanaTV
26.07.2017ж. 20:00
1894
Орал қаласына ыстық су беріле бастады

Екі апта бойы ыстық сусыз отырған Орал халқына су беріле бастады. Бірақ жылумен қамту орталығы «ҚазТрансГазАймақ» мекемесіне қарызын түгел төлемесе, тұрғындар ыстық судан тағы да қағылуы мүмкін. Бүгінде жылуберушілер газға қарыз 220 миллион теңге берешегін 147 миллионға дейін азайтқан. Бұл үшін қаланы сумен қамтитын «Батыс Су Арнасы» мекемесінен бір жылдың ақысын алдын-ала түгел төлеуін сұраған.

Осы қаржыға газдың ақысын төлепті. Дегенмен, оралдықтар «ЖайықЖылуҚуат» мекемесіне әлі 500 миллион теңге қарыз. Шаһардағы 67 мың тұтынушының 6 мыңы жылу үшін берешек. Қазір қарызды қайтарумен айналысатын жедел топтардың саны үш есеге көбейтіліп, борышкерлердің дүние-мүліктері тәркіленіп жатыр.

Мұрат Бәйменов, «ЖайықЖылуҚуат» АҚ директоры:

Бұл жағдай тағы да орын алуы мүмкін. Себебі біз қазіргі қарызды мүмкіндігіміз келгенше толықтай жабуға тырысып жатырмыз. Бірақ ол қаражат бізге тек тұрғындардан түседі. Осы 11 күнде тұрғындардың төлегені 50 миллион қаражат, ол да толықтай газға кетті.