$512.44 €593.15 ₽6.52
×

Қызылордаға Жанқожа батырдың Кенесары хан сыйлаған қылышы әкелінді

AstanaTV
14.05.2025ж. 09:55
213
Қызылордаға Жанқожа батырдың Кенесары хан сыйлаған қылышы әкелінді

Қызылорда облысының Қазалы ауданына ХХ ғасырдағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, даңқты батыр Жанқожа Нұрмұхамедұлының қылышы әкелінді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аудандық тарихи-өлкетану музейінің мәліметінше, құнды жәдігер Ұлттық музей қорында сақтаулы. Қылыш алдымен украиналық іздеуші мамандардың қолына түскен. Кейін Ресейде арнайы сараптамадан өткізіліп, оны Қазақстан азаматтары сатып алып, Ұлттық музейге тапсырған. 

"Қылышты Жанқожа Нұрмұхамедұлына Кенесары хан сыйға тартқан делінеді. Батыр оны жауға қарсы шайқаста өзі қолданған. Жәдігердің екі жағында арабша жазу бар. Бірінде "Жанқожа Нұрмұхамедұлы баһадүрге саурат (сыйлық)", екіншісінде "Созақ, 1845 жыл" деп жазылған", - деді музейдің ғылыми қызметкері Жанат Тілеуқабыл. 

Батыр мұрасы аудандағы жаңадан ашылған Руханият орталығында 20 мамырға дейін келушілер назарына ұсынылады.