Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Оңтүстік Қазақстан облысында 2 кедендік бекет ашылады

AstanaTV
03.07.2017ж. 20:00
3890
Оңтүстік Қазақстан облысында 2 кедендік бекет ашылады

Оңтүстік Қазақстан облысының Өзбекстанмен шекаралас аумағында қос кедендік бекет ашылатын болды. Бұл туралы екі мемлекеттің кеден қызметі өкілдерінің бас қосуында белгілі болды. 9 жылдан астам уақыт жабық деп саналған «Сырдария» мен «Целинный» кедендік өткізу пункттері осы айдан бастап іске кіріседі.

Осылайша аймақтағы Өзбекстанмен байланыстыратын кедендік бекеттер саны сегізге жетпек. «Қазығұрт», «Қапланбек» және «Атамекен» аталған үшеуіне қайта жөндеу жұмыстары қажет. Келешекте кедендік бекетті кеңейту мен  тәулік бойы жұмыс істеу тәртібіне көшіру мәселесі қарастырылуда. Бұндай қадам екі ел арасындағы тауар айналымын жылына 2 миллиардтан 5 миллиард АҚШ долларына дейін жеткізуге мүмкіндік  береді. Сондай-ақ шекарадағы кедендік өткізу пункттерінің жұмысы күшейеді. Күніне 20 мың адамнан 40 мың адамға дейін емін-еркін қатынауына жол ашылады дейді мамандар. Кеденшілер сондай-ақ экспортқа шығатын тауар құжаттарын тездетіп рәсімдеу процесін жетілдіретінін айтты.

Асхат Исақов, ОҚО мемлекеттік кірістер департаменті тарифтік реттеу басқармасының басшысы:

«Қонысбаев», «Қапланбек» кеден бекеттерінде қосымша жерлер бөлініп, қазіргі таңда берілді.  Қаражат күтіп отырмыз. Қазіргі таңда  кеден бекеттері арқылы күніне 400 -ге дейін автотранспорт өткізіп жатырмыз. Ал қайта өңдеу, қайта құрылымнан кейін 1000-нан аса өткізуге қауқарлы боламыз деп сенеміз.