$506.21 €568.42 ₽6.3
×

Әнші Садраддин науқас балалардың еміне деп жиналған ақшаға концертін өткізгені рас па?

AstanaTV
15.05.2025ж. 00:10
82
Әнші Садраддин науқас балалардың еміне деп жиналған ақшаға концертін өткізгені рас па?

«Елге көмек» қайырымдылық қорының басшысы Ілияс Сариев қордың 50 миллион теңгесін әнші Садрадиннің концертіне бөлгені рас па? Мұндай фактіні заңгер Нұрсұлтан Орынбек айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Заңгердің айтуынша Ілияс Сариевтің лудоманияға бейімдігі болған, сол сияқты әнші болуды да жоспарлап жүрген.

«Лудоманнан бөлек әнші боламын деп жүрген жігіт қой. Әнші Садраддиннің концертіне 50 млн теңге бөлді дегенді естідім. Оны көпшілік айтып жүр. Халық айтса, қалып айтпайды. Садраддиннің концертіне қомақты қаржы бөлгенін құлағым шалып қалды. Өткенде осы Сариевтің ісіне қатысты бірнеше факті шықты. Осының түбін бір зерттеп көру керек. Расымен солай болды ма? Әншінің кінәсі жоқ, бірақ бұл фактілерді тексеру керек.

Егер 50 млн теңге аударғаны расталса, алданған ақша екені дәлелденсе, әнші Садраддин ар-ұят тұрғысынан халықтың ақшасын кері қайтаруы керек», - дейді заңгер Нұрсұлтан Орынбек.