$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Балық аулаудан сайыс өтті

AstanaTV
03.07.2017ж. 20:00
3818
Балық аулаудан сайыс өтті

Ерекше сайыс. Астана күні қарсаңында шахар әкімдігінің ұйымдастыруымен балық аулаудан спорттық сайыс өтті. Бұл шара сондай-ақ табиғат қорғау мақсатын көздейді. Қоянды су қоймасына жыл сайын 9 млн-ға дейін балық жіберіледі. Су жануарларының 10 ға тарта түрін Аква мәдениет тәжірибесімен Ақмола облысы Қазақ балық шаруашылығы ассоцияциясы өсіріп шығарады.

Байқаудың өтуіне Астана қалалық әкімдігіне қарасты ЖасНұр өндірістік-шаруашылық кәсіпорны  осымен 4 жыл қатарынан мұрындық болып келеді. Жылына 2 рет қармағын қолына алған әуесқойлар осы жерге жиналып, кіл мықтыдан кім мықты екенін анықтайды.

Жеткерген Әбдиев, Ақмола облысы «Қазақ балық шаруашылығы» ассоциациясының директоры:

Қолдан өсірген аквакультура тәжірибесімен өсірген балығымызды бүгін біз спорттық түрде ел халыққа насихаттап жүргізіп жатырмыз.

Диана Сапарқызы, тілші:

Бүгінгі балық аулау байқауына 9 команда қатысып отыр. Қатысушыларға 3,5 уақыт берілді. Сайыс соңында төрешілер «Ең жас балықшы», «Ең үлкен балық аулаған»«Ең үздік балық аулаушы»«Ең тәжірибелі балықшы»  номинациялары берілетін болады.

Бүгінгі сайысқа 77 жастағы Рахымберген Құрманалиев та қатысып отыр. Денсаулық сақтау саласына 40 жылын арнаған зейнеткер ерекше сайысқа отбасы мүшелерін де ала келген.

-Ата, сәлеметсіз бе?! Қоржыныңызға қанша балық түсті? Бүгінгі байқаудан не күтесіз?

Рахымберген  Құрманалиев, жарысқа қатысушы:

Енді мінекей мен бүгін әдейі келіп отырмын. Бүгін он-он бес шақты балық түсті.

Жарыс нәтижесі бойынша 9 команданың ішінен 2,8 келі балық аулаған Астана фишинг клаб командасы бас жүлдені жеңіп алды. Ал барлық топтардың аулаған балығының салмағы  16 келіден асып кетті. Шара соңында келушілер түрлі ойындарға қатысып, арнайы ұйымдастырылған концерттік бағдарламаны тамашалады.

Диана САПАРҚЫЗЫ