ЭКСПО халықаралық көрмесі аясында «Шашу» атты халықаралық фестиваль өтіп жатыр. Өнер сайысы орталық алаңда орналасқан сахнадан бастауын алды. Қала тұрғындары мен қонақтар Ресейдің Башқұрт, Алтай, Қалмық республикалары мен Өзбекстан және Беларусь елінен келген өнерпаздардың биін тамашалай алады. Осымен 2-ші рет өткізіліп отырған өнер кеші белгілі режиссер, балетмейстер Меңтай Тілеубаевтың құрметіне арналған.
Лаура Мұқаева, Астана қаласы әкімдігі МАФ, эстрадалық би ансамблінің көркемдік жетекшісі:
Ең
бірінші біздің мақсатымыз - осы қазақ биін, қазақ өнерін, басқа елге, бүкіл
әлемге таныту және насихаттау. Сосын сол түпнұсқасын сақтап қалу. Қазір барлық
елдер ЭКСПОға Астанаға келіп жатыр. Соған тұспа тұс келіп отыр біздің
фестиваль. Қонақтар келетініне
сенімдіміз.