Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Робототехника бойынша ұлттық чемпионат бастау алды

AstanaTV
03.07.2017ж. 20:00
3709
Робототехника бойынша ұлттық чемпионат бастау алды

Астанада "world robot olympiad" сайысы бастау алды. Бұл сандық әлемнің проблемаларын шешіп, ойлау үрдісін қалыптастыру мақсатында әлемнің 50-ге жуық мемлекеті бірлесіп құрған жоба. 2 күндік шара ЭКСПО көрмесі аумағында өтіп жатыр.

Құлтемір құрастыру сайысына еліміздің аймақтары мен көршілес Өзбекстаннан оқушылар қатысуда. Бұл жобаға 20 мыңға жуық бала мүшелікке еніп үлгерген. Тың бастама еңбек өнімділігін арттырып, төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін құрастыруға жол ашады. Ең жас өнертапқыш не бары 8 жаста. Оқушылар қиялынан шыққан туындылар әлемдік деңгейдегі алып компаниялардың да қызығушылығын тудырып отыр.

Күләш Шәмшидинова, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы:

Мұнайды құятын цистерна ішінде қанша мұнай қалғандығын анықтайтын қосымша ойлап шығарды. Жақында Алматы қаласының балалары көрсетті «ақылды көше» деп аталады, мысалға, балалар көшеден өткен кезде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін. Оған Алматы қаласының «Нұр Отан» партиясы қызығушылық танытып отыр. Осындай баллардың жұмыстары көп.

Қызылорда облысынан келген оқушылар өңірдің экологиялық мәселесін оңтайлы шешу мақсатында арнайы робот-трактор ойлап тапқан. Ол жерді өзі қазып, жасыл желекті сұрыптап, егуге қауқарлы.

Әйгерім Жақсылық, Қызылорда облыстық дарынды балалар білім-инновация лицей-интернаты оқушысы:

Оңтүстік өңірлерде ағаш көп дейміз, бірақ аралап шықсақ, бетпақ дала өте көп. Мысалға, Қазақстандағы ағаштардың 80 пайызының отырғызылғанына 25 жылдан асып кеткен. Не бары 15 пайызы жаңадан отырғызылыпты. Сондықтан біз осы жұмысқа өзіміз кірістік.