Түркістан облысы Сарыарық ауылының тұрғыны Қошқарбек пен Дүйсенкүл Дүйсенбаевтардың отасқанына биыл 44 жыл. Бала күнінен еңбекке араласып, ерте есейген ел ағасы еңбек жолын шопан болып бастаған. Зейнеткерлікке шыққанға дейін ұзақ жыл ауылшаруашылығы саласында еңбек етті. Қара шаңырақтың отанасы Дүйсенкүл де еңбек адамы. Өсіп-өнген әулеттің тірегі ұрпағына еңбектің наны тәтті болатынын үнемі айтып отырамын дейді.
ҚОШҚАРБЕК ДҮЙСЕНБАЕВ, ЗЕЙНЕТКЕР:
Малымыз да, ауқатымыз да болмай қалған кездер болды. Соның барлығын өткізіп, қазір осындай жағдайға жетіп отырмыз. Қазір міне балаларымыздың барлығы жақсы. Немерелеріміз бар. Балаларымыздың бәрі шауып жүр. Енді мен өзімді бақытты әкемін деп сезінемін. Себебі бала-шағамның барлығы аман. Немерелерім алдымда.менен бақытты адам жоқ.
ДҮЙСЕНКҮЛ ДҮЙСЕНБАЕВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:
Келінді баулыдық, жайлап өзіміздің қызымыздай қылып, Онша мұнша жерін алып жүрдім олардың тірлігін. Істей алмаған жерлеріне көмектесемін. Сиырын сауысып, талай жәрдем бердім келіндерге. Бір екі бала туғанша соларға құл болдым, бір екі бала туғаннан кейін соларға би болдым, шындап келгенде. Қазір бәрі өзімен өзі.
Отан-қуат, отбасы-шуақ. Шаттыққа бөленген шаңырақтың бес ұлы бес отан болып отыр бүгінде. Қос зейнеткер ұрпағымен мақтанады, марқаяды.
УӘЛИХАН ДҮЙСЕНБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Мен де сол әкеме қарап бой түзеймін, менің де 7 бала-шағам бар. Әке-шешеміздің бойындағы қасиеттерін алсын деп сенбі -жексенбі күні бала-шағамды міндетті түрде ауылға жіберемін. Ауылға келіп інілерімнің балдары барлығы жиналады.