$458.23 €535.99 ₽5.46
×

Астаналық мектепте ұлттық ойындар фестивалі өтті

Астаналық мектепте ұлттық ойындар фестивалі өтті

Елордадағы №33 «Келешек» мектебінде ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған фестиваль өтті. Шарада асық ату, тоғызқұмалақ, арқан тарту және ләңгі тебуден жарыстар және ұлттық тағамдар көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, салт-дәстүрлерден сахналық көріністер қойылды. Бұл игі бастама жас ұрпақтың бойында отаншылдық сезім мен рухани тәрбиені қалыптастырмақ.