15 мамыр күні Анкараның оңтүстігінде орналасқан Конья провинциясының Кулу ауданында магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Түркияның Төтенше жағдайлар басқармасына (AFAD) сілтеме жасап TRT Haber агенттігі мәлімдеді.
Жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 15:46-да тіркелген, зілзаланың ошағы 18,73 шақырым тереңдікте орналасқан. Дүмпулер астана мен оған жақын аймақ тұрғындарына сезілген.