Астана
күніне орай ұйымдастырылған «Еңселі
елім, байтағым» атты байқау өз мәресіне жетті. Қалалық тілдерді дамыту
басқармасы өткізген шараның мақсаты - елорданың дамуына үлес қосқан өнерлі әрі
белсенді жастарды анықтау. Арнайы құрылған комиссия 8 аталым бойынша сайысқа
түскен жеңімпаздардың есімін атады. Үздіктер қатарында «Астана» арнасының
тілшісі, әріптесіміз Айбек Қосан да бар. "Біздің уақыт" бағдарламасына
дайындаған сюжеті "Астана туралы үздік материал" аталымында топ
жарды.
Тілеуғали
Қышқашбаев, Астана қаласы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы:
Әр
сала бойынша, поэзия, тележурналистика, композиторлар арасында, күйшілердің
арасында деген сияқты. Мұның ең басты мақсаты - біздің елімізге, туған жерімізге
арналған, өзіміздің Астана қаласына арналған, Астана қаласының бүгінгі гүлденуі,
Астана қаласы жастарының бүгінгі кереметтей құлшынысы, өздерінің өнерде,
ғылымда, басқа салалардағы жетістіктерін көрсету.