Негізгі / Жаңалықтар / АҚШ-тың тәуелсіздік күні ұлттық күнмен аталып өтті

АҚШ-тың тәуелсіздік күні ұлттық күнмен аталып өтті

Жыл сайын 4 шілдеде АҚШ өзінің тәуелсіздігін атап өтеді. Бүгін бұл мереке ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіндегі АҚШ-тың Ұлттық күнімен бірге аталып өтті. Мерекелік бағдарламаға ЭКСПО Ұлттық күн сахнасы мен АҚШ павильонында өтетін бірқатар іс-шаралар енгізілген.

Екі елдің арасындағы мығым мәдени байланыстың орны ерекше. Бұл маңыздылығы жөнінен саяси-экономикалық саладағы ынтымақтастықтан ешбір кем түспейді. Мереке соңы танымал американдық орындаушы Майя Азуцена мен қазақстандық өнер иелерінің концертіне ұласты.