Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

ЭКСПО алаңындағы халық көп баратын павильондардың үздіктері өзгерді

AstanaTV
04.07.2017ж. 20:00
2023
ЭКСПО алаңындағы халық көп баратын павильондардың үздіктері өзгерді

ЭКСПО алаңындағы халық көп баратын павильондардың үздіктері сапында біршама өзгеріс бар. Көрме алғаш ашылған тұста елдің ең көп жиналатын жері деп танылғандар қатарына Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері, Үндістан мен Малайзия павильондары кірген еді. Ал қазіргі таңда қазақстандық «Нұр әлем» тақырыптық павильоны және дю Солей циркі көпшіліктің қызығушылығы артқан алаңдардың қатарынан орын алды.

Жалпы 26 маусым мен 2 шілде аралығында ЭКСПОға 217 732 адам барған. Өткен аптамен салыстырғанда бұл көрсеткіш 49 мың адамға көп. Сондай-ақ, күнделікті көрмеге баратындардың саны 24 мыңнан 31 мыңға өскен.