Спорт Қазақстан
$460.15 €501.38 ₽5.11
×

Қызылжардан Анталияға әуе рейсін ашу жоспарланып отыр

AstanaTV
24.03.2016ж. 20:00
1704
Қызылжардан Анталияға әуе рейсін ашу жоспарланып отыр

Алдағы уақытта Қызылжардан Түркияның Анталия қаласына тікелей әуе рейстері ашылуы мүмкін. Бұл бастама жаз мезгіліне жоспарланып отыр. Жаңа рейс Петропавл әуежайының құрылысы аяқталған соң іске қосылмақ. Бүгінде әуежайдың ұшып-қону жолағы жөнделіп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Анталияға тек Астана мен Алматыдан ғана тікелей ұшу мүмкін болатын. Бұл жаңашылдық, Ресеймен шекаралас аймақтар үшін транзиттік рейстерді де ұйымдастырмақ. Демек, Түркияда демалғысы келетін көрші ел азаматтары ол жаққа Қазақстан арқылы бара алады. Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысы Евгений Глотовтың пайымы осы. Айтуынша, қазір түріктермен келіссөздер жүргізілуде.

Евгений Глотов, СҚО кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы:

Әуе рейстерін іске қосуды түркиялық компания атқармақ. Өкілдері Қызылжарға келіп, әуежай және туристік агенттіктермен танысып кетті. Билет бағасы қолжетімді болады деп сендірді. Біздің білуімізше, Қазақстанның солтүстік аймақтарында Анталияға тікелей ұшатын ұшақтар жоқ. 

Абзал ҚҰРМАНКИН