$453.71 €505.8 ₽5.63

Димаш Құдайберген туралы жағымды жаңалық тарады

Димаш Құдайберген туралы жағымды жаңалық тарады
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген GRAMMY студиясының жаңа «Global Mixtape» жобасына қатысып, алдағы шығармашылық жоспарлары туралы айтты. Өнер иесі әлемдік турнесінің ауқымы бұрынғыдан да кең болуы мүмкін екенін жеткізді, деп хабарлайды  Astana TV. 

Журналист Валери Лиге берген сұхбатында Димаш алдағы концерттік сапарының егжей-тегжейін әзірге толық жариялай алмайтынын жасырмады. Дегенмен әнші әлемнің ондаған елінде өнер көрсетуді жоспарлап отырғанын айтты.

«Бұл жаңалықтарды әзірге жариялауға бола ма, оған толық сенімді емеспін. Сондықтан нақты айта алмаймын, құпия сақтауға тиіспін. Дегенмен тур жиырмадан астам елді қамтиды. Отыздан, тіпті қырықтан да көп болуы мүмкін. Мен мүмкіндігінше көп концерт беріп, әлемнің барлық еліне барғым келеді. Өйткені жанкүйерлеріммен кездескенді жақсы көремін», – деді әнші.

Димаш сұхбат барысында шетелдік тыңдармандарына деген ерекше құрметі туралы да сөз қозғады. Оның айтуынша, әр мемлекетте сол елдің ана тілінде ән орындау – көрерменге алғыс білдірудің бір жолы.

Өнер иесі музыка арқылы түрлі ұлт өкілдерін жақындастырып, мәдениеттер арасындағы байланысты нығайтуды маңызды санайтынын жеткізді.

Қазіргі уақытта жарияланған концерттік кестеде Польша, Германия, Испания, Мексика, Колумбия, Чили, Перу және Индонезия елдері бар.

Ал әнші айтқан 30-40-тан астам елді қамту жоспары әзірге толық нақтыланбаған. 
Айта кетейік, Димаш Құдайберген Польшадағы концертінен кейін жанкүйерлеріне алғыс айтты.