Астана
күніне орай «Серпер» 5-ші республикалық халық аспаптар оркестрі фестивалінің
қорытынды концерті өтті. 5 оркестрдің
200-ге жуық музыканты Елорда аспанын әнге бөледі. Жиналған қауым өнерпаздардан
ыстық ықыласын аямады, ал көрші елдерден арнайы келген әншілер де мерекелік
сыйларын тарту етті. Дәстүрлі фестиваль Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Айтқали Жайымовтың 70 жылдық мерейтойына арналыпты.
Айтқали
Жайымов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері,
профессор:
Өте қуаныштымын. Өнер адамдары сахнада үлкен
өнер көрсетіп жатса, халық қол соғып жатса, содан артық қошемет жоқ деп
ойлаймын.