Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Евро әлемдік валюта ретінде әлсіреп барады

AstanaTV
06.07.2017ж. 20:00
3174
Евро әлемдік валюта ретінде әлсіреп барады

Евро әлемдік валюта ретінде әлсіреп барады. Бұған себеп - саяси тәуекелділік пен дамыған нарықтағы валюталардың белсенділігі, оның ішінде юаньның сұранысқа ие болуы. Бұл туралы Еуропа Орталық Банкі хабарлады. Теріс факторларға қарамастан, евро екінші әлемдік валюта статусын әзірге сақтап отыр. Соңғы кезде юаньға қызығушылық артқан, - деп жазады Рейтерс.

Ал елімізде доллар құны шамамен 4 теңгеге қымбаттады. Қазақстандық биржа қорының мәліметі бойынша бір доллар 324 теңгені құрады. Валюта айырбастау орындарында "көк қағаз" 325 теңгеден сатылып жатыр.