Солтүстік
Қазақстанда нұротандықтар мамандарға екі қолға бір күрек табуға септесті. 4
баланың анасы Айнұр Тыныбекова Есіл ауданының орта мектебінде 18 жыл бойы сабақ
берген. Былтыр тұңғыш баласы
Петропавлдағы жоғары оқу орнына түсіп, студенттің ата-анасы қала төңірегінде
қоныстануға бел буады. Артынша Айнұр Тыныбекова жетекші партияға жүгініп,
Қызылжар ауданындағы Бәйтерек ауылында былтыр ғана есігін айқара ашқан жаңа
мектепке жұмысқа орналасты. Қазір Айнұр Тыныбекова бастауыш сынып оқушыларын
оқытып жүр. Бір жыл бойы пәтер жалдаумен әлектенген мұғалім, енді «Дипломмен
ауылға» бағдарламасы аясында жаңа баспана алудан дәмелі. Пайыздық мөлшерлемесі
де қалтаны қақпайтын көрінеді.
Айнұр
Тыныбекова, мұғалім:
Қазіргі кезде бір-екі қадамымыз қалды баспананың қолыма жетуіне, бұйырса. Көп балалы анамын. Екі балам ауылда атасы мен әжесінің қолында болатын. Міне балаларым қасыма келіп, қуанып жатырмыз.
Данияр Әбуталіпов, "Нұр Отан" партиясы СҚО Қызылжар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
«Дипломмен ауылға» 3 миллиондай қаражат бөледі.
Сондықтан біз ауылдан осындай қаражатқа пәтер тауып алдық. Енді осы 2 бөлмелі
пәтер болашақта 10-15 жылдан кейін 200 мың теңге үстінен қосылып төленеді.