$519.64 €609.23 ₽6.62
×

«Қала ДНК-сы: Қауымдастық. Бизнес. Билік» урбан форумы өтті

AstanaTV
10.07.2017ж. 20:00
2441
«Қала ДНК-сы: Қауымдастық. Бизнес. Билік» урбан форумы өтті

Елордамызда алғаш рет «Қала ДНК-сы: Қауымдастық. Бизнес. Билік» урбан форумы өтті. Ауқымды шараға мұрындық болған Астана қаласының әкімдігі. Мақсат - халықпен тығыз қарым-қатынас орнату, қалалық ортаны жақсарту, шағын және орта бизнес пен қала инфрақұрылымын дамыту. Астанада алғаш рет ұйымдастырылған форумға тәжірибелерімен бөлісуге шетелдік сарапшылар да келді.

«Astana Art Fest» фестивалі аясында өткізіліп отырған бұл халықаралық форумға алыс-жақын шетелдердегі сарапшылар арнайы шақырылған. Ол Ұлыбритания, Дания, Ресей, Алмания мамандары. Ауқымды жиынды қала әкімі Әсет Исекешов ашты.

Асхат Сәдуов, «УРБАН-2017» форумының ұйымдастырушысы:

Бүгінгі шараға шақыртылғандар - өз саласының мықты сарапшылары. Осы өткізіліп отырған форумың қортындысы бойынша белгілі межеге жетеміз деген үміттеміз. Қаламыз күннен күнге қарқынды дамып келе жатқантыдықтан, жиында күрделі мәселелер талқыланатын болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, форумда ұсынылған үздік жобалар келешекте жүзеге асырылады. Форумға 35 жоба ұсынылды. Ал, астаналық Дәурен Қайсаров бүгін форумға «Қалалық шешімдер бюросы» жобасымен келіп отыр. Жоба жұмысы биыл бастау алған. Қала дәрежесіндегі өзекті мәселелер бойынша әлеуметтік желілерде сауалнама жүргізеді. Кейін зерттеу жүргізіліп, қоғамдық тындауларға шығарады. Мәселе анықталып, оның шешу жолдары ұсынылмақ. Ол атқарушы билікке тапсырылады. "Ұсынылған идея халық пен билік арасындағы байланысты тығыз орнатады" деп отыр жоба авторы.

Дәурен Қайсаров, форумға қатысушы:

Біздің басты мақсатымыз - қалалық шешімдер бюросы, бұл қарым-қатынастың нәтижелі өтуі. Өйткені сіз он шақты мың сауалдар жолдай алайсыз, ол сұрақтың барлығын саралап, сараптап белгілі бір бағытпен бөлмесек, ешкім оны түсінбей қалады ертең.

Астанада алғаш рет өткен бұл шара жыл сайын жалғасады деп жоспарланып отыр.