Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Еуропа Лигасының алғашқы іріктеу кезеңінің нәтижесі белгілі

AstanaTV
10.07.2017ж. 20:00
2170
Еуропа Лигасының алғашқы іріктеу кезеңінің нәтижесі белгілі

Берлинде тірек-қимыл аппараты мен көз жанарында ақауы бар спортшылар арасындағы ашық чемпионатта отандасымыз Зүлфия Ғабидуллина рекорд орнатты. Ал Үндістанда өткен Азия чемпионатында жеңіл атлеттеріміз үшінші орынды иеленді. Спорт жаңалықтарын Айбек Қосан баяндайды.



Еуропа Лигасының алғашқы іріктеу кезеңінің нәтижесі белгілі. Өз алаңында 6:0 есебімен алдын ала жағдайын жақсартып алған алматылық «Қайрат» «Атлантастың» алаңында өткен қарымта кездесуде де жеңіп, келесі кезеңіне жолдама алды. Ойын Литваның Клайпеда қаласында өтті. Есеп 1:2. «Қайраттың» келесі қарсыласы - албандық «Скендербеу» командасы. «Ертіс» командасы да үшінші кезеңге жолдама алды. Алғашқы кездесуде 1:0 есебімен ұтқан павлодарлықтар «Дунаймен» өтетін екінші ойынға тыңғылықты дайындықпен аттанған. Қонақтар сапында алғашқы голдың авторы - Марио Маслач. 6 минутта соғылған доп алаң иелерін састырды. Кездесу аяқталар тұста Аслан Дарабаевтың дәл соққысы Ертіс жігіттерінің басымдығын екі де нөлге жеткізді. Келер айналымда олар сербиялық «Црвеная Звездамен» ойнайды.  Ал «Ордабасы» жарыстан шығып қалды. Босниялық Широки Бриегтен сырт алаңда 2:0 есебімен ұтылған шымкенттіктер Алматыда өткен қарымта кездесуде қарсыластың қақпасына бірде бір гол соға алмады. Есеп 0:0.




Германиядан келген сүйінші жаңалық. Берлин қаласында тірек-қимыл аппараты мен көз жанарында ақауы бар спортшылар арасындағы ашық чемпионатта отандасымыз оза шапты. Зүлфия Ғабидуллина финалда еркін стильде 200 метр қашықтыққа жүзу кезінде жаңа әлемдік рекорд орнатты. Сонымен қатар, ол еркін стильде 100 метр қашықтыққа жүзу бойынша ең үздік көрсеткішке жетіп, 50 метр қашықтыққа шалқалап жүзуде екінші орынға ие болды. Айта кетейік, паралимпиадалық чемпион Зүлфия Ғабидуллина осыған дейін 12 мәрте әлем рекордын орнатқан.

Айбек ҚОСАН