Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Елордаға «Ұлы Жібек жолы. Көне Тараздан асқақ Астанаға тарту» керуені келіп жетті

AstanaTV
26.07.2017ж. 20:00
3607
Елордаға «Ұлы Жібек жолы. Көне Тараздан асқақ Астанаға тарту» керуені келіп жетті

Бүгін Елордаға «Ұлы Жібек жолы. Көне Тараздан асқақ Астанаға тарту» керуені келіп жетті. Этнографиялық керуен мақсаты - жас ұрпаққа қазақ халқының дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын дәріптеу. Ал ЭКСПО-ға келген шетелдіктерге бай мәдениетімізді паш ету. Елордададағы Жамбыл облысының күндерін жұрт 5 күн бойы тамашалайтын болады.

Енді «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесіне келген шетелдік қонақтар да қазақтың салт-дәстүрлері мен құндылықтарынан хабардар болады. Осыдан екі ай бұрын шыққан керуен Астанаға жетті. Бұл «Ұлы Жібек жолы» бойындағы сауда, мәдениет, өркениеттің рухани орталығы болған Ежелгі Тараздан келген керуен. 2 мың жылдан аса бай тарихы бар қаланың сақ дәуірінен бастап Қазақ хандығының қалыптасуына дейінгі тарихы қамтылған. Сол кездегі 300-ден аса құнды жәдігерді осы керуеннен көруге болады.

Дүйсенәлі Бықыбаев Жамбыл облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы:

Жалпы енді Астана қаласының жұртшылығына осы біз үлкен керуеннің сән салтанаты мен барлық көріністерін көрсеткелі отырмыз. Соған келіп отырмыз. Елдің бәрі қуанып көріп сол үлкен бабалардың жолын қарап, жастар өздерінің қуаныштарын білдіріп жатыр.

Этнокеруен 2 ай бойы ел жағалап, бірнеше қаланы аралап келді. Бүгін ЭКСПО қонақтарына Жамбыл жерінен келген өнерпаздар «Амфитеатрда» мерекелік концерт береді. Ол Астанадағы Жамбыл облысының күндеріне орайластырылған.

Үрімхан Жолтайұлы, Астана қаласының тұрғыны:

Астаналықтар мына той мереке құтты болсын Тараздан келген.  Осы туралы Мұқағали Мақатаев мынадай өлең жазып кеткен Пай пай қазақтың жері неткен жері, батырлар дүрілдеп өткен жер. Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер. Ғашықтар бір біріне өткен жер.

Той-думан 5 күнге жалғасады. Осы жерде концерттік бағдарламалар ғана емес, қазақтың салт-дәстүрлерінен қойылымдар да болады. Ал бұл этнокеруен туралы 10 бөлімнен тұратын телевизиялық жоба жақында телеарналардан көрсетілмек.