Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қызылордада көмірқышқыл газынан уланған төртінші адам қайтыс болды

AstanaTV
27.07.2017ж. 20:00
1742
Қызылордада көмірқышқыл газынан уланған төртінші адам қайтыс болды

Қызылордада көмірқышқыл газынан уланған 4-ші жұмысшы қаза тапты. Мұны Қызылорда облыстық медициналық орталықтың мамандары айтты. «Қызылорда су жүйесі» кәсіпорынының жұмысшылары қаладағы №1 кәріз-насостық станцияны жөндеуге барған. Жұмысшылар оның ең төменгі қабатында насос ауыстырмақ болды. Сол жерде көмірқышқылды газбен уланып, екі жұмысшы бірден тіл тартпай кеткен. Үшінші кісі ауруханаға жетпей көз жұмады. Құтқарушылардың дерегі бойынша, жұмысшылардың бірі құдыққа түсіп кеткен, қалғандары оны құтқаруға тырысқан. Жалпы облыстық медициналық орталыққа 8 адам жеткізілген. Қалған жеңіл уланғандары үйлеріне қайтарылған.

Ерболат Алдабергенов, Қызылорда ОМО дәрігер-токсикологы:

Емдеу барысында жеті науқастын жағдайы жақсарып. Өздері әрі қарай емнен қарсылық білдіріп, қолхат арқылы үйіне кетті.  83-ші жылғы жігіт реанимацияға түскен, өте ауыр жағдайда қарқынды емге қарамастан, сағат 23.00-де қайтыс болды. Қазіргі таңда облыстық медицина орталығында углекислый газбен уланған науқастар жоқ.

Оқыс оқиғаның мән-жайын зерттеуге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде комиссия құрылды. Қызылорда қалалық әкімшілігі марқұмдардың отбасыларына бір миллион теңгеден материалдық көмек көрсетпек.