Қорғаныс
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің негізгі мақсаты - озық ғылыми-техникалық
жетістіктер негізінде Қазақстан әскері үшін қару-жарақ жасау, аэроғарыш
қызметін дамытып, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Бүгін
мемлекет басшысы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұловты
қабылдау барысында осы мәселеге назар аударды. Министр өз кезегінде қорғаныс
кешені мен өнімді экспорттау кәсіпорындарын технологиялық жаңғырту жөнінде
жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатқанын айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Бұрыннан
әр мекемелерде істеп жүрді. Енді бір министрлік құрдық. Бұл министрлік өте
мықты, өте алдыңғы қатарлы, ғылым мен
техниканың ең ұшында тұратын министерство деп санаймын.