Алматыда
газ ауа қоспасының жарылысынан күйіп қалған 80 жастағы кейуана қайтыс болды.
Денесінің 80 пайызын күйік шалғандықтан, оны аман алып қалу дәрігерлерге қиынға
соққан. Қарт әжей ауруханада есін жимастан көз жұмды. Ал жалғызбасты қарияға
газды қосып беруге көмектеспек болған 46 жастағы ер азаматтың жағдайы ауыр. Ақ
халаттылар оны аман алып қалу үшін барын салуда.
Нұржан
Биқоңыров, Алматы қалалық №4 клиникалық ауруханасы күйік бөлімінің меңгерушісі:
Науқас
күйік шогында түсті. Жедел түрде науқасты жансақтау бөлімшесіне ауыстырып,
аэротерапиялық аппаратқа жатқызып, инфузиялық шокқа қарсы ем бастадық. Күйіктің әртүрлі дәрежесіне байланысты, ең азы
бір айдай емделеді. Өйткені күйіктің үшінші А дәрежесі бар. Күйіктің көлемі өте
үлкен - 40 пайыз. Денесінің жартысына жақын. Сол үшін қауіп әлі де сақталады.
Төтенше
жағдайлар қызметі өкілдерінің таратқан ақпарна сай, оқыс оқиға таңғы сағат 8- дер шамасында орын алған. Бостандық ауданындағы Орбита-4 шағын ауданындағы бес
қабатты үйдің пәтерінде газ ауа қоспасы жарылып, салдарынан екі адам күйіп
қалған. Сондай-ақ қатты дүмпуден пәтердің есіктері мен терезелері шағылып,
жиһаздар бүлінген. Қазір оқиғаның нақты себебі тексеріліп жатыр.