Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Азық-түлік бағасы 7% қымбаттады

AstanaTV
11.07.2017ж. 20:00
2818
Азық-түлік бағасы 7% қымбаттады

Азық-түлік бағасының қымбаттауына әкімдер бей-жай қарайды. Олар өзіне тиесілі құзіретті пайдаланбайды. Ауыл шаруашылығы министрі әрі вице-премьер Асқар Мырзахметов бүгін осылай деді. Министрлік тіпті премьерден үш бірдей облыс басшылығын жазалауды сұрады. Үкіметте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы сөз болды. Соңғы кезде көкөкністер неге қымбаттап кеткенін Мөлдір Бақытқызы біліп қайтты. 

Соңғы жарты жылда "ғарыштық" баға орнатқан азық-түлік тізбегі. Күнделікті көк базарға баратындар мұны жақсы білуі де тиіс. Пияз - 81,1%, картоп - 74,9%, қырыққабат - 61,2%, сәбіз - 38,1%, сиыр еті - 10,7% қымбаттаған. Салдарынан елдегі инфляция көлемін екі есеге басып озды.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Ресми статистика мәліметтері бойынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жыл басына қарағанда маусымның соңындағы жағдай бойынша 7%-ға ұлғайды, азық-түлік тауарлары бойынша инфляция деңгейінен 1,4 есе асып тұр. Ағымдағы жылдың маусымында инфляция жыл басынан 3,7% құрады.

Бағаның бұлай өсуіне былтыр жиын-терім аз болды және Өзбекстанға экспорт артқан дейді. Өз аузымыздан жырып, ол не қылған экспорт. Бір қызығы, осы маусымда картопқа өндіруші бағасы 49 теңге болса, базарда ол 200-ден асып жығылады. Демек, делдалдарды тексеру керек. Ауыл шаруашылығы министрлігі әкімдіктермен меморандумға да отырған.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

По итогам полугодия практически нигде результаты меморандума не выполнены. Для чего тогда составляются эти меморандумы, если цены все равно растут?

Әкімдер өндірушіден көтерме сатып алып, әлеуметтік коммуналдық базарларға таратуы тиіс. Осылайша сәл-пәл тепе-теңдік орнатады. Бірақ, әкімдіктер қор жинауға бөлінген қаржыны жұмсамай, депозитке салып тастаған. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысында 1,6 млрд теңге банкте жатыр. Мұндайларды жазаға тарту қажет дейді.

Қайрат Айтуғанов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары:

Вносим предложение - рассмотреть ответственность руководителей штабов Южно- Казахстанской, Западно-Казахстанской и Карагандинских областей. 

Айтуғановтың бастығы да әкімдерді айыптайды.

Асқар Мырзахметов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

Бүгінгі таңда заңнамаға сәйкес бағаны тұрақтандыруға әкімдерге мүмкіншілік толығымен береді. Соның жүйленгеніне қарамастан, сол мүмкіншілік толығымен пайдаланбай отыр.

Сөйтіп, Үкімет басшысы алдында әкімдер кезек-кезек ақталуға кірісті. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді, тағысын тағы дегендей. Айтпақшы, Астанаға тиіп тұрған Қарағандыда жаңғақтардың келісі екі мың теңге төңірегінде. Ал бас қалада бес мың теңге.  Бұл да қисынсыз. Ал Астана әкімі шілдеде картоп қайта арзандайды деп үміттенеді.

Из Узбекистана согласно подписных меморандумов мы в июле ожидаем снижение на 4 овощные группы, по которым наблюдался до этого рост.