Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Қазақстан мен Қытай құны 160 миллион долларлық келісімге қол қойды

AstanaTV
11.07.2017ж. 20:00
2253
Қазақстан мен Қытай құны 160 миллион долларлық келісімге қол қойды

Қазақстан мен Қытай аграрлық салада бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты. Бүгін қазақ-қытай инвестициялық аграрлық форумында құны 160 миллион долларлық келісімге қол қойылды.

Сондай-ақ, тараптар қазақ аграрлық-техникалық университетінің қабырғасында аграрлық технопарк құруды да жоспарға енгізді. Және аспан асты елінің қаражатына биоқауіпсіздікті қамтамасыз ететін зертхана құрылады.

Гүлмира Исаева, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:

Шара барысында 160 млн доллар көлемінде инвестиция тарту және сауда бойынша ынтымақтастық жөніндегі 7 құжатқа қол қойылды. Оның ішінде үшеуі сауда бағытын қамтиды. Бұл келісімдер ҚХР-ге 200 мың тонна дәнді-дақыл және 100 мың тонна майлы дақылдарды экспорттауға сонымен қоса, аталған дәнді-дақыл түрлерін шекаралық аймақта сақтайтын терминал құруға мүмкіндік береді.

Ортақ 51 кәсіпорында тек қазақстандықтар жұмыс істейтін болады. Мұны вице-министр айтты. Ал түрлі жабдықтарды орнату үшін бірнеше елдерден мамандар шақырылатын болады.