ЭКСПО
көрмесінің миллионыншы келушісі ретінде Астана тұрғыны Гүлжиһан Жаңабергенова
тіркелді. Күні кеше елімізде өтіп жатқан халықаралық көрме тарихында ерекше
оқиға орын алды. 4 бірдей өткізу
бекетіндегі камералар тек қауіпсіздікті бақылап қана қоймай, келушілерді
есептеп отыратынын біреу білсе, біреу білмес.
Ел
қатарлы билет алған отбасы мүшелері әуел баста мұндайды күтпеген. Астанадағы
мектептердің бірінде мұғалім болып жұмыс істейтін Гүлжиһан Жаңабергенова көрмеге келіп, тап осындай сәттілікке жолыққанына айрықша қуанышты .
Миллионыншы
келушіні «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық
компаниясының басқарма төрағасы арнайы құттықтап, естелік сыйлықтар табыстады.
Сондай-ақ көрме павильондарын аралауға, әйгілі дю Солей циркінің кешіне билет
тарту етілді.
Ахметжан Есімовтың айтуынша, ЭКСПО-2017 көрмесінің барлық
кезеңіне 2 миллион адам келеді деп болжанған. Бірақ бір айдан кейін-ақ
миллионыншы келушіні қабылдау зор мәртебе, -дейді.