Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Әр азамат денсаулығына өзі жауапты - сарапшы дәрігер

AstanaTV
12.07.2017ж. 20:00
2763
Әр азамат денсаулығына өзі жауапты - сарапшы дәрігер

Халық қалаулысы ақ халаттылармен кездесті. №4 қалалық емханада өткен басқосуда көтерілген тақырып - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселесі. Мәжіліс депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі Татьяна Яковлеваның сөзінше, бағдарламаның осыған дейін сәтті іске аспауына сол уақыттағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы себеп болған. Қазір заман да заң да өзгерген. Әрі жаңа жүйе барынша түсіндіріліп жатыр,- дейді ол.

Татьяна Яковлева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Қолға алынған жобалар қаншалықты тіимді әрі уақытылы жасалып жатыр деген сұрақ төңірегінде мәселе туындаған. Бүгінгі кездесуден кейін жауапсыз сұрақтар алынып тасталды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша жұмыс бір жолға қойылған.

Тұрғындарда қандай да бір сауал туындаса, ақпараттық базаға кіру арқылы біле алады.

Медициналық сақтандыру жайлы қосымша ақпарат алғысы келетін азаматтарға түрлі нұсқалар ұсынылып отыр. Тіпті, түсіндірме жүргізетін дүңгіршекке дейін ашылыпты. Дәрігерлер бағдарлама халықтың жауапкершілігін арттыра түсеріне сенімді.

Гүлнар Ходжабаева, №4 қалалық емхананың сарапшы дәрігері:

Мемлекет, жұмыс беруші және азаматтардың ортақ жауапкершілігі іске аспай, халық денсаулығының жақсаруы туралы айта алмаймыз. Әр адам өз денсаулығына өзі жауапты. Егер келушілер бағдарлама жайында білмей жатса, емханалардағы тіркеу орнынан сұрай алады. Ол аздық етсе, сайттан кіріп біле алады немесе колл орталыққа хабарласу арқылы кез келген сұрағын қоя алады.