Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

11 техникалық ЖОО жабдықтауға 2016 жылы 3 млрд теңге бөлінген

AstanaTV
12.07.2017ж. 20:00
3226
11 техникалық ЖОО жабдықтауға 2016 жылы 3 млрд теңге бөлінген

Елдегі жоғарғы оқу орындары бірлескен жобалар мен кадр дайындау мәселесінде инновациялық кәсіпорындармен әріптестік орнатуы керек. Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барған Мәжіліс депутаты «Нұр Отан» фракциясының мүшесі Бейбіт Мамыраев осындай ойын ортаға салды.

Халық қалаулысы техникалық университеттің профессорлық-оқытушы құрамымен кездесті. Білім ордасының басты ерекшелігі оның заманауи лабораториясы болып табылады. Болашақта металлургиялық, химиялық және басқа да өндіріске енгізілетін ғылыми жобалардың сынағы өткізіледі. Бейбіт Мамыраевтың сөзінше, Шығыс Қазақстанның техникалық университеті - елдегі үздік 11 оқу орнының бірі. Мұнда инновациялық-индустриялдық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында мамандарды дайындау ісі сәтті жүріп жатыр.

Бейбіт Мамыраев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Жыл сайын лабораториялық жабдықтауға қомақты қаржы бөлінеді. Мәселен, былтыр 3 млрд теңге қаралып, соның бір бөлігі осы университетке аударылды. Нәтижесі айтарлықтай. Қазір әлем төртінші өндірістік төңкерістің алдында тұр. Бұл дегенің ірі зауыттар мен фабрика салуға негізделмейді. Бұл - сандық революция және Қазақстан «Сандық Қазақстан» бағдарламасын қабылдады. Сондықтан жас мамандардың, оның ішінде кәсіби техникалық мекемелердің түлектері заман талабына жауап беруі маңызды.