Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Шенеунік жалған кәсіпкерлікке қатысты қылмыстық істі жабу үшін ірі мөлшерде пара алған

AstanaTV
14.07.2017ж. 20:00
2048
Шенеунік жалған кәсіпкерлікке қатысты қылмыстық істі жабу үшін ірі мөлшерде пара алған

Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті жанындағы басқарманың бөлім басшысы аса ірі мөлшерде пара алмақ болған кезде тұтқындалды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы хабар таратуда.

Ведомствоның ресми ақпаратына сәйкес, күдікті 13 шілде күні  параның 25 миллион теңге көлеміндегі соңғы бөлігін алу кезінде ұсталды. Бұл ақшаны ол жалған кәсіпкерлік бойынша қылмыстық істі тоқтату және ары қарай қолдау көрсету үшін алған. Параның жалпы көлемі - 101 миллион теңге. Күдікті Орал қалалық ІІД-нің уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.