$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Шығыс Қазақстанға сапарында Мемлекет басшысы "Нұрлы Жол" саябағын ашты

AstanaTV
14.07.2017ж. 20:00
2597
Шығыс Қазақстанға сапарында Мемлекет басшысы "Нұрлы Жол" саябағын ашты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысына барды. Өскемен қаласындағы «Нұрлы Жол» саябағының ашылуына қатысты.

Осында орналасқан алып монумент Қазақстан халқының бірлігін айқындайтын символ іспетті. Шаңырақ пен қыран құс бейнеленген  монументтің ұзындығы - 22 метр. Демалыс орнына қысқа мерзімде 500 ағаш отырғызылды. Саябақтағы көрме кезінде археологтар Мемлекет басшысына көне жәдігерлерді қазып алудың бірегей жобасы туралы айтып берді. Депутаттармен және жергілікті жастармен кездесу барысында Президент еліміздегі ең басты оқиға ЭКСПО көрмесінің мемлекет тарихындағы маңызды шара екеніне тоқталды. Халқаралық көрмені аралап, баламалы энергетика саласындағы әлемдік жетістіктерді көзбен көруге кеңес берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Бізге бәрі қазір қолжетпестей көрінеді, алайда бұл даму бізбен бірге. Жаңа технологиялар, роботтар болады, және таза энергетиканы да жасап шығару қажет. Мен Шығыс Қазақстан өңірін жақсы көремін. Бұл жерде түрлі-түсті металл, химия, металлургия, гидро, машина құрау, ауылшаруашылық салаларының негізі бар. Облыстың әлеуметтік қажеттілігіне бюджеттен 330 миллиард бөлінді. Жыл сайын медицина шығындары өсіп отыр. Бала-бақшалармен  99 пайызға  қамтамасыз етілген. Қазақстан Республикасында бірінші орын және бұл керемет!

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жергілікті май өндіру шаруашылығының жағдайымен танысты. Бүгін бұл элиталық тұқым өсіру шаруашылығы агроөнеркәсіп саласында ғылыми зерттеулер жүргізіп, түрлі ғылыми сынақтар жасаумен айналысады.