Туған жерге туыңды тік! Семейде Абай облысының экономикалық мүмкіндіктерін таныстырып, инвесторлармен байланысты нығайтуға бағытталған инвестициялық форум өтті.
Бүгінде Абай облысында құны 2,7 трлн теңгені құрайтын 38 ірі инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Бұл жобалар 8 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Биыл жаңадан 767 жұмыс орны ашылмақ. Бүгінгі форум да түлектердің туған елін түлетуін көздейді.
БЕРІК УӘЛИ, АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
«Туған жерге туыңды тік» деген бұл жалаң ұран, бос сөз емес. Бұл шын мәнісінде туған еліміз үшін өзініің нағыз патриот азамат, отансүйгіштігін дәлелдейтін әр азаматтың туған жер алдынағы борышы деп білемін. Жер-жерде, шетелде және жан-жақта жүрген жерлестеріміз, біздің инвесторлардың бүгін бас қосқаны өте қуантарлық жағдай.
Абай облысы жаңадан құрылса да, әлеуеті зор аймақ. Географиялық жағынан қолайлы орналасқан өңір Қытай мен Ресей және Орталық Азияны байланыстырады. Мысалы, қытайлық серіктестермен жасалған меморандум нәтижесінде жалпы сомасы 50 млн АҚШ долларын құрайтын чиптер мен электронды құрылғылар зауытының құрылысы басталды.
СЫРЫМБЕК, ТАУ КӘСІПКЕР:
Әкіммен кездескенде айтқан: осы Абай облысының Семей қаласының орталығында тұрған "Семей молл" аталып кеткен құрылыс. Қарасақ, сонау жылдардан бері тұр. Жанында әйелдер гимназиясы тұр. Осының бәрін іске асырып, сатып алып, инвестор тартып, осы жобаны бастап кеттік. Құдай қаласа осы екі-үш күннен кейін құрылыс жобасын бастаймыз.
Форум аясында облыстың өндірістік және ауыл шаруашылық әлеуетін көрсететін ауқымды көрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ, шетелдік инвесторлармен әріптестік орнату мүмкіндіктері қаралып, 15 меморандумға қол қойылды.