$521.57 €601.01 ₽6.65
×

ШҚО-да университет меншігіндегі 1,5 миллиард теңгенің мүлкі қайтарылды

20.06.2025ж. 20:00
64
ШҚО-да университет меншігіндегі 1,5 миллиард теңгенің мүлкі қайтарылды

Шығыс Қазақстанда университет меншігіндегі 1 жарым миллиард теңгенің мүлкі кері қайтарылды. Жоғарғы оқу орнының бұрынғы басшылығы технопарк мүлкін заңсыз жекешелендіріп жіберген. Қаржы мониторингі агенттігінің өңірлік департаменті бұл фактіні тергеп, университетке 100 процент үлесті, 8 мың шаршы метрлік ғимарат пен 1,3 гектар жер телімін қайтарды. Қайтарылған активтер енді зертханалық база мен медициналық протездеу өнімдерін шығаратын инновациялық кластерге айналмақ. 

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:

2018–2020 жылдары университеттің бұрынғы басшылығы «Технопарк «Алтай» ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 78% мемлекеттік мажоритарлық үлесті заңсыз түрде жекеменшікке өткізген. Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау аясында университетке жалпы құны 1,5 млрд теңге болатын «Технопарк «Алтай» ЖШС-дегі 100% үлес, 8 мың шаршы метрлік ғимарат пен 1,3 га жер телімі қайтарылды.