Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Сыртқы істер министрі Мысырда ұсталған қазақстандықтарға қатысты Египеттің сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті

AstanaTV
28.07.2017ж. 20:00
2131
Сыртқы істер министрі Мысырда ұсталған қазақстандықтарға қатысты Египеттің сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті

Мысырдағы студенттердің ұсталуына байланысты Сыртқы істер министрі египеттік әріптесімен телефон арқылы сөйлесті. Самех Шукриге Қазақстан тарапынан қоңырау шалынған. Алайда, ел билігі олардың ұсталуына қатысты мардымды ақпарат айта алмай отыр.  Дегенмен, жақын арада мән-жай анықталады деген үміт бар.

Еске салсақ, Мысырға араб тілін меңгеруге кеткен қазақстандық 6 студент 5 күннен бері байланысқа шықпай қалған болатын. Кейін оларды Ұлттық қауіпсіздік қызметінің өкілдері ұстап алғаны белгілі болды. Студенттердің туыстары олар Катар қайырымдылық қорының демеуімен тілді дамыту курсына барғанын айтты.