$521.57 €601.01 ₽6.65
×

АҚШ Иранның ядролық нысандарына соққы жасады

AstanaTV
22.06.2025ж. 09:39
65
АҚШ Иранның ядролық нысандарына соққы жасады

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның ядролық нысандарына соққы жасағанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Трамп соққы жайлы Truth Social желісінде жазды. Соққы жасалған нысандардың қатарында Фордо жерасты кешені бар. 

"Иранның үш ядролық нысанына сәтті соққы жасадық, олардың қатарында Фордо, Натанзу мен Исфахан бар. Толыққанды соққы басты нысан – Фордоға жасалды. Беделді америкалық сарбаздарымызды құттықтаймын. Әлемде мұны істей алатын әскер жоқ", – деп жазды ол.

Трамптың сөзінше, америкалық ұшақтар Иранның әуе кеңістігінен шығып кеткен. Сондай-ақ ол "қазір бейбітшілік орнататын кез келді" деп жазды. 

Иран билігі үш нысанға соққы жасалғанын растады. Fars агенттігінің мәліметінше, әуе қорғаныс күштері әрекет етуді бастағанда "бірнеше жарылыс естілген". 

"Кум провинциясында бірнеше сағат бұрын әуе қорғаныс күштері әрекет еткенде жау нысандары байқалды. Фордо ядролық нысанының бір бөлігі жаудың әуе соққысына ұшырады", – делінген хабарламада. 

Иранның мемлекеттік БАҚ өкілдері "шабуыл жасалған нысандарда ядролық материалдар болмағанын" жарыса жазуда.