$518.34 €607.91 ₽6.66
×

Бразилияда әуе шары өртеніп, 8 адам көз жұмды

AstanaTV
22.06.2025ж. 10:21
166
Бразилияда әуе шары өртеніп, 8 адам көз жұмды

Елдің оңтүстігіндегі Санта-Катарина штатында 21 жолаушысы бар әуе шары апатқа ұшырады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Губернатор Жоржинью Мелудың мәліметінше, 8 адам қаза тауып, 13 адам аман қалған, оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

"8 адамның қаза тапқаны, 13 адамның тірі қалғаны расталды", — деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.

Metrópoles порталының хабарлауынша, белгісіз себеппен әуе шарында өрт шыққан, содан кейін ол биіктен құлап кеткен.

Шар Санта-Катарина штатының оңтүстігіндегі Прайя-Гранди муниципалитеті үстінен ұшып өткен. Бұл жер Бразилияда "каньондар астанасы" немесе "әуе шары астанасы" ретінде танымал.