Астанада
көліктердің мектеп маңында жүру жылдамдығы сағатына 40 шақырымға дейін
азайтылды. Камера назарына жылдамдықты асыру, автобус жолағымен жүру және
арнайы сызықты басу сынды ережелерді бұзғандар ілігеді. Фотосурет пен
бейнежазба бойынша хаттама толтырылып
ереже бұзушыға жіберіледі. Айыппұлды төлеудің бірнеше түрі бар. Банк
бөлімшелері, төлем терминалы, сондай-ақ www.egov.kz сайты арқылы төлеуге
болады.
Жыл
соңына дейін қиылыстарда 400, жол бойында 300 камера орнатылып, тағы 6 мың
камера қосылады. Оның 3 мыңы орнатылып қойған. Камераның орналасу картасы
www.citycams.kz сайтында бар. Ал мектеп және балабақша маңында жол жүру
жылдамдығы сағатына 40 шақырымнан аспауы «Сергек» жүйесінің ерекше бақылауында
болады.
Нұржан Әділов, Астана қаласы ІІД ӘПБ бөлім бастығы:
Бас
лайн сызығы мен тоқта сызығын басып өтсе, 601-ші бап бойынша бізде 3 АЕК айыппұл
салынады. Бұл 6807 теңге.