$523.2 €594.3 ₽6.38
×

«Мас» болудың шегі қандай, промилле деген не?!

AstanaTV
15.09.2017ж. 20:00
5741
«Мас» болудың шегі қандай, промилле деген не?!

Осы аптада бірқатар ақпарат құралдары, медициналық куәландыру туралы ережеге енгізілген өзгерістерге сай, «енді ішімдік ішіп көлік басқаруға болады» деген сипатта материалдар жариялады. Бірақ бұған қатысты мамандардың айтары бар. Адамды көлік жүргізу құқығынан айыру үшін, ағзасындағы спирт мөлшері 0,5 промилледен асуы тиіс. Ал ол меже қалай анықталады? Бұл туралы тілшіміз «Біздің уақыт» бағдарламасында сараптап көрмек. Қазір тікелей байланысқа шығатын Ришат Асқарбекұлына осы жайында бір-екі сауал қоймақпыз. Ришат, ішімдік ішкен адамның ағзасындағы алкагольдің мөлшері қалай анықталады. Оны реттейтін ережелер шыққан ба?

Ришат Асқарбекұлы, тілші:

Кеш жарық, Оксана!  Адам организміндегі алкогольдің мөлшерін анықтауға қатысты денсаулық сақтау министрлігінің арнайы бұйрығы жарық көрді. Құжатта кейінгі уақытта пайда болған психотроптық заттарды пайдаланушыларға қатысты мәліметтер жаңартылған. Бірақ осы №504 бұйрықтың спирттік ішімдіктерді тұтынуға қатысты тұсы ерекше талқыланып жатыр. Кей ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде сыра, шарап немесе аз мөлшерде арақ ішіп көлік жүргізуге рұқсат беріліпті деген ақпарат жүр. Бұл мәліметтің қайдан шыққанын мамандардың өздерінен білуге тырыстық.

Бақытжан Нұрәлиев, Республикалық психикалық аурулар ғылыми-практикалық орталығы бас дәрігерінің орынбасары:

Әлеуметтік желідегі роликтер мен ақпарат құралдарында тараған ақпарат бұрмаланған. Бұл бұйрық әлі күшіне енбей жатып, белгілі бір мөлшерде ішімдік ішіп, көлік басқаруға болады деген мәселе көтерілген емес. Жаңа бұйрықта айтарлықтай өзгеріс жоқ. Промиллеге қатысты кестенің жарияланғаны рас. Бірақ ол медициналық мекемелерде бұрыннан бар ереже. 

Ришат, қымыз, алкоголі әлсіз шарап немесе дәрі-дәрмек ішкенде адам ағзасындағы промилле қанша болады? Ол үшін заңда қандай жауапкершілік көзделген?

Ришат Асқарбекұлы, тілші:

Иә, халық арасында ұлттық сусындар, алкогольсіз сыра немесе денсаулықты оңалтуға қажетті дәрі-дәрмектердің құрамына қатысты сұрақтар бар. Ал мамандар бұлардың үшеуінде де белгілі бір мөлшерде спирттің болатынын дәлелдеген. Егер шарапты асыра сілтемей, мөлшермен ішсеңіз, ол алкотестермен тексергенде 0,5 промилледен аспауы тиіс. Ондай жағдайда полиция сізді жауапқа тартпайды. Сол сияқты қымыз да, эндогендік препараттар да ішімдік ішумен теңестірілмейді.

Рахмет, Ришат. Ішімдіктің салдары мен жүргізушіге жүктелетін жауапкершіліктер туралы алдағы сенбіде «Біздің уақыт» сараптамалық бағдарламасында толығырақ айтылатын болады. Өткізіп алмаңыздыр.